
Тыңдаушылар категориясы: орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері
Мақсаты: Қашықтан оқытуда технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер:
1) оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, нормативтік құжаттарға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қашықтықтан оқытудың басымдықтары мен қағидаттарын қолданады;
2) қашықтықтан оқыту контекстінде білім берудің инновациялық әдістері мен нысандарын, цифрлық технологиялар мен қызметтерді зерттейді;
3) онлайн сабақтарды, цифрлық білім беру ресурстарын, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін, бағалау, кері байланыс, бақылау өлшеу материалдарының онлайн қызметтерін авторлық әзірлеуді көрсетеді.
Сағат саны: 40

Тыңдаушылар категориясы: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Мақсаты: қашықтан оқыту жағдайында мектептің тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін арттыру үшін мектеп басшыларының кәсіби-басқарушылық құзыреттілігін дамыту
Күтілетін нәтижелер:
1) "Z" және "Альфа" ұрпақтарының оқушыларын табысты оқытуда заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдерді және қашықтан оқыту жағдайында білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданады;
2) оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру процесінде заманауи IT технологияларды қолдану дағдыларын тиімді қолданады;
3) қашықтан білім беру жағдайында мектептің тәрбие жүйесін жобалау дағдыларын көрсетеді.
Сағат саны: 80