2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазақстандық мектептерде
педагог-ассистент лауазымының енгізілуі педагог-ассистент қызметіндегі
қиындықтардың бірнеше факторларын айқындады: Біріншіден, педагогика мен
психология қиылысындағы әртүрлі санаттағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларды (бұдан әрі - ЕБҚ) сүйемелдеудің айқын, нақты міндеттерін анықтау,
21-ғасырдың икемді дағдыларын дамыту, жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге
қатысу, оқушының үлгерім динамикасын бақылау, ерекше баланың ата-аналарымен,
сыныптастарымен, мұғалімдерімен ынтымақтастық орнату.
Екіншіден, ЕБҚ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау
бойынша іс-әрекет түрлерін нақты айқындайтын нұсқаулар мен әдістемелік
құралдардың жеткіліксіздігі, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарында осы
мамандық бойынша оқыту жүргізілмеуі педагог-ассистент жұмысын едәуір
қиындатады.
Үшіншіден,
мектепте педагог-ассистент қызметін ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс
жасау тәжірибесі жоқ, ЕБҚ балаларды сүйемелдеу үшін қажетті
психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдылары тиісті деңгейде бола
бермейтін педагогтер айналысады. Барлық аталған тиісті тармақтарды ескере
отырып, бұл білім беру бағдарламасы әзірленді.