Негізгі мазмұнға

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының дефектолог-мұғалімдеріне арналған «орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың(дефектолог- мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту»

Жаңартылды 22 Aug 2023
Контент 10
Тіл Қазақша ‎(kk)‎
Деңгей Бастауыш

Course Overview

Курстың өзектілігі отандық білім беру жүйесінің даму тенденцияларымен анықталады. Біліктілікті арттыру курсы  Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілеріне және педагогтердің қажеттіліктеріне жүргізген талдау нәтижелеріне сүйеніп жасақталған.  Бағдарламаларды педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары ескеріле отырып әзірленді.

Баланың дамуындағы сөйлеу, қозғалыс және психикалық бұзылулардың өзара байланысын әрдайым ескеру қажет. Осыған сүйене отырып, барлық логопедиялық жұмыс барлық тараптардың, психикалық және сенсорлық функциялардың дамуын ынталандыруға байланысты. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар көру және есту тітіркендіргіштеріне жауап бермеуі мүмкін. Сондықтан, балалар қоршаған әлемді, негізінен, ересек пен баланың бірлескен іс- әрекеті арқылы біледі. Бұл әрекеттестік педагог –дефектологтардың және  ересектермен  баланың бірлескен іс- әрекеті арқылы орындалады.

 Қазақстанда педагог- дефектологтардың кәсіптік білімі бүгінде ерекше білім беру интеграциясына жүгінеді. Постиндустриалды қоғамдағы еңбек қызметі саласының серпінді, сапалы өзгеру жағдайында, мамандардың тұрақты кәсіптік ,тұлғалық дамуындағы тәжірибенің қажеттіліктеріне негізделген көп деңгейлі процесс ретінде қарастырылады. Дефектологтардың кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің ішінде  тіл мүкістігі бар балалармен жұмыс істеу үшін мамандар даярлау мәселесі ерекше орын алады. бұндай  балалармен жұмыс істеу үшін педагог- дефектологтардың кәсіби даярлығының сапасын арттыру қажет. Бұл елдің көптеген қоғамдық- саяси, экономикалық, әлеуметтік- педагогикалық және әлеуметтік- мәдени мәселелерін шешу үшін өте маңызды. Педагог- дефектолог бүгінгі таңда дәстүрлі және арнайы  білім берудің мазмұнына бағытталған әмбебап білім алушы.

Бағдарламаны әзірлеу үшін педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарында педагогтердің кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін талдауда  деректер жиналып,  педагогтермен және  оқушылармен сұхбатттасу арқылы  фокус-топтағы педагогтердің қазіргі оқыту тәжірибелері зерделенді.  Сабақтарға қатысу арқылы деректер жиналып,  педагогтерге мен  оқушыларға сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар  «Өрлеу біліктілікті  арттырудың ұлттық орталығының»  облыстық филиалдарындағы арнайы педагогтерге арналған  курс тыңдаушыларының сауалнама алынды. Деректер талданып,  нәтижесінде  дефектолог- педагогтардың оқыту мен оқуда  қиыншылық тудыратын мәселелері анықталды. Бағдарламаның мазмұны мен  тақырыптары  арнайы педагогтардың  қажеттілігін қанағаттандыруға негізделіп жасақталған. Атап атқанда, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар  балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы педагогтың түзету-дамыту технологиялары: сипаттамасы және пайдалану бағыттары», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі нейропсихологиялық әдістер», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда Д.Айрестің сенсорлық интеграция әдісін қолдану», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде АКТ қолдану» және т.б. тақырыптарды атауға болады. Тыңдаушылардың қиындықтары саласындағы мәселелерді талқылау және оны шешуге, жеке қажеттіліктерін ескеруге байланысты  жұмыстар жоспарланған.

      Бағдарламада Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», «Ақыл - есі кем адамдардың құқықтары туралы Декларация», «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Балалардың өмір сүруін, қорғалуын және дамуын қамтамасыз ету туралы Дүниежүзілік Декларация», «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Конвенция», «Мүгедектердің құқықтары және т.б. халықаралық құжаттар  қолданылды. Сілтеме: https://special-edu.kz/

Курс мазмұны

Loading...

Enrolment options

Skill Level: Beginner
Guests cannot access this course. Please log in.

Байланысты курстар

"Жастар арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру" білім беру бағдарламасы  қазақ және орыс тілдерінде білім беретін ұйымдарда «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытатын тарих пәні мұғалімдерінің, әлеуметтік педагогтердің  және  білім беру психологтарының жастар арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырудағы құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған.

10 Контент
Жаңартылды: Dec 2023

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ.Бағдарламаның мазмұны модульдермен анықталады, кәсіптік қызметті тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қарастыруды көздейді жаңартылған мазмұндағы әрекеттер мектепке дейінгі дайындық, заманауи желілік және бұлттық технологиялар, желілік интерактивті құруnпрезентациялар, мектепке дейінгі тәрбие бойынша цифрлық сабақтың мазмұнын дайындау әдістемесі мультимедиялық технологиялар.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ.Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі мен ынтасын арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінде АКТ-ны қолдану.КҮТІЛГЕН НӘТИЖЕЛЕР.Курсты аяқтағаннан кейін студенттер:1. мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі мен ынтасын арттыру үшін кәсіби іс-әрекетінде АКТ дағдыларын меңгеруі;2. цифрлық білім беру ресурстарын құру бойынша онлайн қызметтерді зерттеу;3. оқу-тәрбие жұмыстарын жобалауда АКТ-ны қолдану дағдыларын көрсету көмектесетін мектепке дейінгі ұйымның процесі мұғалімдер мен оқушылар нақты шешім қабылдайды тәрбиелік міндеттер

7 Контент
Жаңартылды: Jul 2024

Соңғы курстар

9 Контент
Жаңартылды: Aug 2026
10 Контент
Жаңартылды: Aug 2026